Қала ортасында көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iBoC0ClPDR7frXTrQCxWmFhG806LyVaPU9oMENAK.webp

Лейпциг қаласының орталығында көлік апатының салдарынан екі адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Deutsche Welle-ге сілтеп.

Қала мэрі Буркхард Юнг мәліметінше, оқиға нәтижесінде тағы үш адам ауыр жарақат алған. Сонымен қатар шамамен 20 адам түрлі деңгейде жараланған. 

БАҚ беттерінде оқиғаның 4 мамыр күні болғаны хабарланды.

Саксония ішкі істер министрі Армин Шустер күдікті ретінде 33 жастағы Германия азаматы ұсталғанын мәлімдеді. Полицияның хабарлауынша, жүргізуші қарсылықсыз берілген. Құқық қорғау органдары оқиға бойынша тергеу бастады. Прокуратура екі адамды өлтіру және тағы бірнеше адамға қастандық жасау фактісі бойынша іс қозғады. Алдын ала деректерге сәйкес, бұл қасақана жасалған шабуыл болуы мүмкін.

Оқиға қаланың жаяу жүргіншілерге арналған сауда көшесінде болған. ІІМ оқиғаның себептері анықтап жатыр.

Пікірлер