Әскери қызметтің биік бағасы. Айдос Мырзахметов генерал-майор атанды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GNw4HL2kHiEx3fk6S3p20JGzqNqd7gmYSMOPob5V.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы Мырзахметов Айдос Сәкенұлына жоғары әскери шен — генерал-майор әскери атағы берілді. Генералдық шеннің белгілерін Қазақстан Республикасының Президенті жеке өзі табыстады.

Айдос Сәкенұлы Мырзахметов — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясының 2002 жылғы түлегі. Қызмет жылдары ішінде взвод командирінен бастап Мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығына дейінгі жолдан өтіп, жоғары кәсібилігімен, мінезінің беріктігімен және жауапкершілігімен ерекшеленді.

2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған — бұл оның табанды еңбегінің, әскери борышқа адалдығының және Отанға деген шексіз берілгендігінің лайықты бағасы болып табылады. Генералдық атақтың берілуі — көпжылдық мінсіз қызметтің заңды қорытындысы, мемлекеттің сенімінің белгісі және ел қауіпсіздігі жолындағы жоғары жеке жауапкершіліктің айқын дәлелі.

Пікірлер