Президент жүктеген “жеке тапсырма”. Айбек Дәдебай — жаңа партияның төрағасы

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WldWKnQFMU7vWNd31q1D7aAs6DbK9GjPAT5bucsY.webp

Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

7 мамырда Астанада өткен «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезінде Айбек Дәдебай партия төрағасы болып сайланды. Бұл шешім съезд делегаттарының дауыс беруі арқылы қабылданды.

Құрылтай жиынында партияның ресми құрылғаны жарияланып, оның Жарғысы мен бағдарламасы бекітілді. Сонымен қатар саяси кеңес құрамы жасақталды.

«Әділет» партиясы өзін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағытын қолдайтын саяси ұйым ретінде таныстырды. Партия өкілдерінің айтуынша, ұйым қызметі заң үстемдігі, әділдік қағидаттары және мемлекеттік институттарды дамыту бағыттарына негізделеді.

«Әділдік ұлттық менталитеттің айрықша белгілерінің біріне айналуға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та бұл мәселеге үнемі ерекше назар аударып келеді», – деді Айбек Дәдебай.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Дәдебай Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған болатын. Ақорданың баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Президент оның атқарған жұмысына жоғары баға беріп, алғыс білдіргенін мәлімдеді.

Пікірлер