Қазақстан Global Firepower халықаралық әскери қуат рейтингісінде өз позициясын сақтап қалды. Ел 145 мемлекеттің ішінде 58-орынды иеленді.
Әлемдік рейтингтің көшін АҚШ бастап тұр, оның индексі – 0.0741. Одан кейін Ресей (0.0791) және Қытай (0.0919) орналасқан.
Ондыққа Үндістан (0.1346), Оңтүстік Корея (0.1642), Франция (0.1798), Жапония (0.1876), Түркия (0.1975), Италия (0.2211) және Бразилия (0.2374) енген.
Ұқсас жаңалықтар
“Қазақстанға қашпақ болған”: Қырғыстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін өлімші етіп соққыға жыққан екі күдікті ұсталды
