Жамбыл облысының Байзақ ауданында суды заңсыз алу деректері анықталды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды "Адырна".
«Дрондар мен картографиялық түсірілімнің көмегімен суды заңсыз алу фактілері анықталды», – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
Шу–Талас бассейндік су инспекциясының мәліметінше, заң бұзушылықтар аудан аумағында жүргізілген рейдтік іс-шара барысында белгілі болған.
Заң бұзушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 141-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері 18 адам жауапқа тартылып, жалпы айыппұл сомасы 3,8 миллион теңгені құрады.
Ұқсас жаңалықтар
