«Адырна» ұлттық порталы Маңғыстау облысына арнайы сапар жасап, облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбаймен кең көлемді сұхбат өткізді. Әңгіме барысында өңір басшысы балалық шағынан бастап, еңбек жолы, мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі және қазіргі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты пікірін ортаға салды.
Сұхбатта әуелі әкімнің қарапайым болмысы мен өмір жолына қатысты сұрақтар қойылды. Ол балалық шағында болған қызық оқиғаларын, алғашқы еңбек тәжірибесін және теміржол саласына қалай келгенін еске алды. Сондай-ақ әскердегі қызметінің өміріне әсері туралы да пікір білдірді.
Әңгіме барысында Нұрдаулет Қилыбай жеке тәжірибесіне тоқталып, қоғамдағы сын мен әлеуметтік желідегі пікірлерге де жауап берді. Сонымен қатар, өңірдегі жұмыссыздық, ауызсу тапшылығы, денсаулық сақтау және инфрақұрылым мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты.
Сұхбатта Маңғыстаудың туристік әлеуеті, соның ішінде Бозжыра сияқты табиғи нысандарды дамыту мәселесі де көтерілді. Әкім бұл бағыттағы жобалар мен жоспарлар туралы ақпарат берді.
