21 мамыр, бүгінгі мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Ақордада арнайы салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Іс-шара барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өнер майталмандарын мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Ал әнші әрі домбырашы Татьяна Бурмистрова «Отан» орденіне ие болды. Сондай-ақ Михаил Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театрының актрисасы Марина Ганцева III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталатыны белгілі болды.
Президент өз сөзінде кәсіби мереке аясында мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар өнер қайраткерлеріне «Қазақстанның халық әртісі» атағы берілгенін атап өтті. Биыл жалпы 120 мәдениет және өнер қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болмақ.
Сонымен қатар жиында мәдени мұраға қатысты маңызды жаңалықтар айтылды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің мәліметінше, Маңғыстау жерасты мешіті мен Абайдың қара сөздері ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл мәселе шілде айында Оңтүстік Кореяда өтетін арнайы жиында қаралады.
“Салафиттық-уаһабиттік діни ағымға тыйым салынуы керек”. Зиялы қауым Президент атына ашық хат жариялады
