Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан қаза тапқандар саны 90 адамға жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Xinhua-ға сілтеп.
Қытайдың орталық телеарнасының мәліметінше, тағы тоғыз адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Оқиға 22 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 19:29-да Чанчжи қаласына қарасты Циньюань уезіндегі Tongzhou Group компаниясының «Люшэньюй» шахтасында болған. Алдын ала мәліметтерде сегіз кеншінің қаза тауып, ондаған адамның жер астында қалғаны айтылған еді. Кейін құрбандар саны 50-ден асқаны белгілі болды.
Билік зардап шеккендерді құтқару және емдеу үшін барлық күш-жігерді жұмсауды тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
