Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайбергенге бейнеқұттықтау жолдады

215
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LomGuQD43ZX7LG9uGqDRnY95bSPCvEy8ERigB7SR.jpg

Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегенова қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге туған күніне орай бейнеқұттықтау жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

96 жастағы өнер иесі видеомәлімдеме арқылы жас әншіге ақ тілегін білдіріп, ұзақ ғұмыр мен шығармашылық табыс тіледі.

Құттықтауды әншінің анасы Светлана Айтбаева өз Instagram парақшасында жариялады. Ол халық әртісіне шын жүректен алғыс айтып, мынадай пікір қалдырды:

«Сіздің баталарыңыз орындалып, Димаш ұзақ өмір сүрсін! Сізге мықты денсаулық тілейміз! Еліміз болып сіздің ғасырлық мерейтойыңызды бірге атап өтейік!» – делінген жазбада.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 2026 жылғы 24 мамырда 32 жасқа толды.

Пікірлер