Песков: Путин мен Тоқаевтың арасында ерекше жеке қарым-қатынас бар

404
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7VNEx6R2xI4h55XwaEinbt1P0Tv5YAnCSGeK1gY3.jpg

Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арасында ерекше жеке қарым-қатынас қалыптасқан. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Олардың арасында екіжақты қатынастар мен халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді конструктивті, нәтижелі әрі ашық талқылауға мүмкіндік беретін ерекше жеке қарым-қатынас бар», — деді Песков журналистерге.

Айта кетейік, бұған дейін Владимир Путиннің 27-29 мамыр аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін жазған едік.

Пікірлер