“Өзіме қайта оралды”. Баян Алагөзова шу болған қамзолды көрсетті

116
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nc3hvYuXMTjExqXR1i8EVNJPkKxe7hYbSd7T0S1E.webp

Продюсер Баян Алагөзова шуға айналған “Қыз Жібек” фильміндегі әйгілі қамзолдың көшірмесін көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Киімді дизайнер Аида Қауменованың командасы тарихи үлгіге барынша ұқсас етіп тіккен.

Баян Мақсатқызының сөзінше, қамзолдың әр бөлшегі мұқият ескеріліп, фильмдегі түпнұсқа бейнеге сәйкестендірілуде. Сондай-ақ оған үйлесетін бөрік пен ақ көйлек те дайындалып жатыр. Бұл костюм “Қазақ аруы” байқауына қатысушыларға сахналық киім ретінде ұсынылмақ.

“Қамзолым өзіме қайта оралды. Енді бұл шынымен менікі. Бірге-бір. Еңбегін бағалаңыздар, қалай винтаж түрге енгенін қараңыздар, түпнұсқаға қаншалықты ұқсайтынын айтыңыздар.

Пікірлеріңізді күтемін. Қараңыздаршы, джинсымен де керемет жарасып тұр. Елестетіп көріңіздерші, Гүлфайрус Исмаилова жүз жыл бұрын ойлап кеткендей”, – деді Баян Алагөзова.

Пікірлер