Қазақстан мигранттар үшін ең қолайлы ТМД елі атанды

361
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5MSK1euAGHrfLoPdpgwZRlTzHtady6WHJfRWCSyW.jpg

Қазақстан мигранттар үшін қоныс аударып, өмір сүруге ең қолайлы ТМД елдері рейтингінде көш бастады. Америкалық Remitly компаниясы дайындаған Immigration Index 2026 халықаралық зерттеуіне сәйкес, республика посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әлемнің 82 елін қамтыған жаһандық рейтингте Қазақстан 53-орынға ие болып, өңірдегі барлық көрші елді басып озды. Одан кейін Молдова (56-орын), Әзербайжан (66-орын), Армения (74-орын) және Өзбекстан (75-орын) орналасқан. Ал Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Украина зерттеуге енгізілмеген.

Рейтинг авторлары елдерді 16 санатқа біріктірілген 34 көрсеткіш бойынша бағалаған. Негізгі критерийлер қатарында қауіпсіздік, денсаулық сақтау мен білім беру сапасы, экологиялық ахуал, жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері, өмір сүру құны, тұрғын үйдің қолжетімділігі, қоғамдық көліктің дамуы, сондай-ақ отбасылар мен мигранттарға жасалған жағдайлар бар.

Remitly компаниясының мәліметінше, индексті әзірлеу барысында экономикалық көрсеткіштермен қатар, елдегі жайлы өмір сүру деңгейі, қауіпсіздік және көшіп келушілердің ұзақ мерзімді бейімделу мүмкіндіктері де ескерілген.

Әлемдік рейтингтің көшін Швейцария бастады. Дегенмен, ТМД елдері арасында өмір сүру мен жұмыс істеу үшін ел таңдауда мигранттар аса маңызды деп санайтын көрсеткіштердің жиынтығы бойынша ең жоғары баға Қазақстанға берілді.

Пікірлер