Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Президент өз құттықтауында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Король ІІІ Чарльзге Біріккен Корольдіктің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.
Мемлекет басшысы өз жеделхатында Ұлыбритания халқына амандық, бақ-береке және тұрақты өсіп-өркендеу тілегін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
