Қырғызстанда алғашқы құм кескіндемесі академиясы ашылды

145
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Z569NlFVFxuuokzlf01yRWpa7y5cZzL7h8sHTXe9.jpg

Қырғызстанда әлемдегі алғашқы құм кескіндемесі академиясы ашылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Кабарға» сілтеме жасап.

Ұйымның бас директоры Зарема Әбілғазиеваның сөзінше, бұл — өңір үшін бірегей жоба әрі ауқымды шығармашылық платформа, онда сирек кездесетін анимация түрі кәсіби деңгейде дамытылатын болады.

«Біздің көпжылдық еңбегіміз өз жемісін берді. Ол жинақталған тәжірибемізді жүйелеуге және әлемде баламасы жоқ бірегей ұйымды ашуға мүмкіндік берді. Құммен сурет салу – өнердің ең көне түрлерінің бірі болғанына қарамастан, біз XXI ғасырда алғаш рет «құм кескіндемесі» терминін ресми айналымға енгізіп отырмыз», – деді ол.

Басшы жоба аясында академия құммен сурет салатын суретшілер мен шеберлердің алғашқы Дүниежүзілік съезін өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Бұл іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен келген осы бейнелеу өнері өкілдерін біріктірмек. Сонымен қатар академия атақты неміс суретшісі және декораторы Бенджамин Зобельдің құрметіне осы саладағы алғашқы әлемдік марапат – Зобель сыйлығын тағайындамақ.   Бүгінде бұл атаққа түрлі елдерден 30 шебер үміткер болып отыр. Құзыретті қазылар алқасының шешімімен олардың алтауы өз бағыттары бойынша чемпион атанбақ. Сыйлық Құм кескіндеме апталығы фестивалінде табысталады.

Бұдан бөлек, жылдың маңызды оқиғаларының бірі – 14–20 қыркүйек аралығында Чолпон-Ата қаласында өтетін Sand art EXPO халықаралық көрмесі болмақ. Аталған алаңда суретшілер, фестиваль ұйымдастырушылары және индустрияның жетекші сарапшылары бас қосады.

Пікірлер