Тоқаев Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру туралы заңға қол қойды

138
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SnImzaCTIy3BgXrU2JYXO1XXmUE60thOhKmgAmBJ.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның өңірлік орталығына қатысты екі заңға қол қойды. Бұл туралы бүгін, 17 маусымда Ақорда жазды, деп хсбарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, өңірлік орталық Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша өңірлік үйлестіруді күшейтуге, техникалық көмек бағдарламаларының тиімділігін арттыруға, тәжірибе алмасу мен сараптамалық қолдауды дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ және аймақ мемлекеттерімен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.

 

Пікірлер