G7 мәлімдемесінен кейін Ресей Киевке зымыранмен шабуыл жасады

371
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Ll392K7hdM2Jh0DxRnqda7KXmDcdN6yYrVBp0rMC.jpg

Ресей 18 маусымға қараған түні Киевке зымыранмен шабуылдады. Соққы G7 елдері Украинаға қолдауды күшейтуге уәде бергеннен кейін жасалып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі AFP агенттігіне сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Украина астанасында әуе дабылы сиреналары қосылып, кейін зымырандардың ұшу дыбысы мен жарылыстар естілген.

Киев қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченко тұрғындарға Украина астанасына баллистикалық зымырандар бағытталғанын ескертті.

«Дабыл тоқтатылғанға дейін қауіпсіз жерде болыңыздар!» – деп жазды ол Telegram-арнасында.

Украина әуе күштері де елдің солтүстігінде баллистикалық зымырандармен соққы беру қаупі бар екенін мәлімдеді.

«Суспільне» тілшілерінің мәліметінше, жарылыстар Полтава мен Сумы қалаларында да естілген. Полтава қалалық кеңесі электр қуатының үзілуі тіркелгенін хабарлады. Ал Запорожье облысының билігі өңірде жарылыстар болғанын мәлімдеді.

Түн ішінде Украинаның бірқатар өзге облысында да бірнеше рет әуе дабылы жарияланған.

Еске салайық, 17 маусымда G7 елдері Ресейге қарсы қысымды күшейтіп, Украинаға қолдауды арттыратындарын мәлімдеген еді.

Пікірлер