Сауд Арабиясында Saudi Aramco энергетикалық компаниясына тиесілі тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы корольдіктің Энергетика министрлігіндегі дереккөз жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.
Мемлекеттік SPA ақпарат агенттігінің мәліметінше, қайғылы оқиға Рас-Танура ауданында болған. Тікұшақ апаты салдарынан борттағы 14 адамның барлығы қаза тапқан.
«Saudi Aramco компаниясына тиесілі тікұшақ Рас-Танура ауданында құлады. Оның бортында болған 14 адамның барлығы көз жұмды», делінген хабарламада.
Қаза тапқандардың барлығы – Сауд Арабиясының азаматтары.
Оқиғаға байланысты тергеу басталды. Тергеу барысында әуе апатының нақты себептері анықталатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
