Назарбаевтың туған күні. Тоқаев құттықтау жолдады

417
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mVuMTNcWE1XI9aG4idVk5Du6hxNZuv4iKAHVmCVt.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол өз құттықтауында Назарбаевтың заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, Қазақстан Республикасын құру,  еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы орны мен беделін бекемдеу жолындағы тарихи миссиясын атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың елорданы Астанаға көшіру туралы шешімінің маңызы айрықша екеніне тоқталды.

«Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді»,– делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы тұңғыш президентке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко да Қазақстанның тұңғыш президентін құттықтаған еді.

 

Пікірлер