Алматыда үстіне ағаш құлаған 19 жастағы бойжеткен қайтыс болды

157
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/uShcayaxIwgWbgxUDQY32OdN0PtV9lhfNE3fBokB.jpg

Алматыда үстіне ағаш құлап, ауыр жарақат алған 19 жастағы Селина Абитова ауруханада екі апта ем қабылдағаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна".

№4 қалалық клиникалық аурухананың хабарлауынша, бойжеткен 27 маусым күні медициналық мекемеге аса ауыр жағдайда жеткізілген. Ол анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде емделді.

Дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті емдеу және реанимациялық шараларды жүргізген. Соған қарамастан, емнің 14-ші күні оның жүрегі тоқтап қалған. Жүрек қызметін қалпына келтіруге бағытталған реанимациялық әрекеттер нәтиже бермей, дәрігерлер биологиялық өлімнің тіркелгенін мәлімдеді.

Еске салайық, қайғылы оқиға маусым айының соңында Алматыда болған. Ағаштың құлауы салдарынан ауыр жарақат алған бойжеткен жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның өмірі үшін күрескен еді.

Пікірлер