Ақтауда әлемге әйгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсіріліп жатқан «Құдайдың сауыттары: Соңғы шешім» (Armour of God: Ultimatum) фильмінің түсірілімі ресми түрде басталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы әлемдік франшизаның ресми парақшасы мен Sәlem Entertainment компаниясы хабарлады. Мәліметке сәйкес, фильмнің премьерасы 2027 жылы өтеді. Картина әлемнің көптеген елінде прокатқа шығады. Жобаның ресми серіктесі – Kaspi.kz.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фильмнің ресми Instagram парақшасында түсірілім алаңынан эксклюзивті кадрлар, сахна сыртындағы материалдар және жобаға қатысты соңғы жаңалықтар тұрақты түрде жарияланып отырады.
Ұқсас жаңалықтар
