Нұртөре Жүсіп қоғамдағы мәселелерді сырттай сынаудан бұрын әр адам өз отбасындағы тәрбиеге көңіл бөлуі керек екенін айтты.
Оның пікірінше, еңбекқорлық, адалдық, жауапкершілік және үлкенді құрметтеу сияқты қасиеттер ең алдымен отбасында қалыптасады.
Н.Жүсіп қоғамдағы барлық мәселе үшін тек мемлекетті кінәлау дұрыс емес екенін айтып, әр азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғамның дамуына үлес қосуы тиіс екенін жеткізді. Оның сөзінше, саналы қоғам әр адамның өз міндетін адал атқаруынан басталады.
Ұқсас жаңалықтар
