АҚШ Иран аумағына тоғызыншы түн қатарынан әуе соққыларын жасады

190
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LpWN7lFqCnptBBPbZmo0o5GBWlBMJpKnrIeDgpMu.webp

АҚШ қарулы күштерінің орталық қолбасшылығы Иран аумағына тоғызыншы түн қатарынан әуе соққылары жасалғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Орталықтың хабарлауынша, операция барысында командалық пункттер, жағалаудағы бақылау нысандары, әуе қорғанысы жүйелері, әскери-теңіз күштерінің инфрақұрылымы, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары орналасқан нысандарға соққы берілген.

CENTCOM мәліметінше, жаңа шабуылдар АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен сағат 19:00-де (Астана уақытымен шамамен 04:00-де) басталған. Бұл Иранға қарсы жүргізіліп жатқан әскери операциялардың тоғызыншы түні болған. АҚШ тарапының мәлімдеуінше, әуе соққыларының мақсаты – Ормұз бұғазындағы коммерциялық кемелерге шабуыл жасау үшін пайдаланылып отырған Иранның әскери әлеуетін әлсірету.

Өз кезегінде Иранның Press TV телеарнасы АҚШ әскери операциясы барысында елдің Тебриз қаласына да әуе соққысы жасалғанын хабарлады.

Пікірлер