Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы Қазақстанның саяси дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ. Бүл туралы армениялық сарапшы Геворг Меликян айтты, деп хабарлайды "Адырна".
Оның айтуынша, жаңа Конституция елдің мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа кезеңнің құқықтық негізін қалыптастырады. Себебі бұл - негізгі заң қабылданғаннан кейінгі алғашқы саяси науқан.
"Сайлауға жеті партияның қатысуы елдегі саяси бәсекелестіктің артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл азаматтардың мемлекеттің болашағына деген қызығушылығы мен саяси жауапкершілігінің қалыптасқанын аңғартады. Ал пропорционалдық сайлау жүйесі партиялар арасындағы бәсекені күшейтіп, олардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, Құрылтай депутаттарының сайлауы кезекті саяси науқан емес. Қазақстанның жаңғыру жолындағы жаңа белесі", - деді Арменияның тұрақтылық және мемлекеттік басқару институтының басшысы Геворг Меликян.
