Астанада нөсер жауып, бірқатар көшені су басты

89
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/uF9NhYph5ZLhNErC9V2Q8Ia06UZ91gXkBj7fVB9A.jpg

Астанада нөсер жаңбыр жауып, қаланың бірқатар көшесі мен жол бөліктерін су басты, деп хабарлайды "Адырна".

Әлеуметтік желіде тұрғындар су басқан көшелер мен көліктердің қозғалысы қиындаған сәттер түсірілген видеоларды жариялап жатыр.

Желіде тараған кадрларда кейбір жаяу жүргіншілердің су басқан тротуарлардан өте алмай, ғимараттардың қоршауын жағалап жүргені байқалады. Сонымен қатар, кейбір тұрғындар нөсермен бірге жауған бұршақты видеоға түсіріп үлгерген.

Су жиналған жолдарда жеңіл көліктермен қатар қоғамдық көліктердің қозғалысы да қиындаған. Автобустар су басқан учаскелер арқылы баяу қозғалуға мәжбүр болған.

Пікірлер