Президент Тоқаев іс-сапармен Омбыға барады

372
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5NkSXrVwknpkc0A475JHCKwPm02zxaS56NDjnaoy.jpg

Мемлекет басшысы Тоқаев Ресей президенті Путиннің шақыруымен Омбы қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Ақорданың хабарлауынша,  Президент ХХІІ Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Форум бүгін, 25 шілде күні өтеді.

Сапар аясында Қазақстан мен Ресей мемлекеттері басшыларының кездесуі жоспарланған. Онда екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен өңіраралық байланыстарды дамыту бағыттары талқыланады.

Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы – екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды алаңдардың бірі.

Пікірлер