Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

116
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mqikDedISZ0DP1YMdeSCF2N7IqblunZcrHd8zG1T.webp

Арман Исағалиев Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 29 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды»,– делінген хабарламада.

Ол 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1994-1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, 1995-1999 жылдары Ұлттық Ғылым Академиясының шығыстану институтының ғылыми қызметкері, 2000-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Египет Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы болған.  2004-2006 жылдары бизнес құрылымдарында жұмыс істеп, 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабия Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі,  2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Бас консулы, 2017-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2019–2020 жылдары Қазақстан Республикасының Алжир Халықтық-Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарған.

Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бастап Қазақстанның Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болған.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар. Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

 

 

 

Пікірлер