Пәкістан Қазақстан экспорты үшін өз порттарын ұсынуға дайын — БАҚ

92
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/eXRVzWnn8HrceE7Ow3PLg3bgFCSGKXSe4X6Z0lFI.webp

Пәкістан Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту аясында портты пайдалануға беруге дайын, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жергілікті БАҚ дерегінше, мәселе Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Ержан Қыстафин мен Пәкістанның теңіз істері министрі Мұхаммад Чаудхридің кездесуінде талқыланды. Келіссөздер барысында Исламабад Қазақстанға Карачи, Касим және Гвадар порттарын экспорттық жүктерді тасымалдау үшін пайдалануды ұсынды.

Тараптар Пәкістанның арнайы экономикалық аймақтарындағы бірлескен жобаларды дамыту мүмкіндіктерін және кедендік рәсімдерді жеңілдету мәселелерін қарастырды.

Пәкістан тарапы мұндай мүмкіндіктің тек Қазақстанға ғана емес, Орталық Азияның басқа мемлекеттеріне де қолжетімді болатынын атап өтті. Бұл өз кезегінде өңір елдерінің Парсы шығанағы, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына шығуына қосымша мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік-логистикалық бағыттарды дамыту және сауда байланыстарын нығайту бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Пікірлер