Kazgazeta.kz сайты жаңартылған дизайнмен іске қосылды

167
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ls3tpa6m7sHegInC5RiXg8SrutQmk41qLFMolAO9.webp

«Қазақ газеттер» ЖШС-нің Kazgazeta.kz сайты жаңартылған дизайнмен оқырман назарына ұсынылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жаңартылған платформаның құрылымы ықшамдалып, пайдаланушыларға қажетті ақпаратты жылдам әрі ыңғайлы табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сайт интерфейсі жеңіл қабылданатын заманауи форматта әзірленген. Жаңа нұсқаның басты ерекшеліктерінің бірі – «Қазақ газеттер» ЖШС құрамындағы барлық басылымдардың материалдары бір ортаға біріктіріліп, оқырманға қолайлы форматта ұсынылуы.

Сайтты жаңарту барысында мобильді құрылғыларға бейімделуіне ерекше назар аударылған. Сондай-ақ бұрын жарияланған материалдардың архивін толық сақтау мәселесі де ескерілген. Жоба авторларының айтуынша, қазіргі оқырман үшін сапалы контентпен қатар, оны ыңғайлы цифрлық платформа арқылы оқу маңызды. Осыған байланысты жаңа дизайн медианың цифрлық дамуындағы маңызды қадамдардың бірі саналады.

Жаңартылған Kazgazeta.kz платформасы қазақтілді интернет кеңістігін дамытуға үлес қосып, оқырман мен редакция арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған.

Пікірлер