Жер сілкінісінен елуге жуық адам қаза тауып, жүзден аса афтершок болды

247
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kJ9SKKxABkuiHRmRoPrGmrNMf0NbtJmJ5RqLto78.webp

Индонезияда 15 тамыз күні жер сілкінісі болып, елдің бірқатар аймағына зиян келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ұлттық агенттік хабарлады.

Зілзала ошағына жақын орналасқан Нагикео өңірі ең көп зардап шеккен. Табиғи апат салдарынан 150-ден астам үй, бес медициналық мекеме және алты мемлекеттік ғимарат қатты зақымданған. Жергілікті БАҚ дерегінше, 47 адам қаза тапқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 2 мың тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге эвакуацияланған. Құтқарушылар үйінділердің астында жараланғандар мен хабар-ошарсыз кеткен адамдар болуы мүмкін екенін хабарлады.

Жер сілкінісінен кейін аймақта сейсмикалық белсенділік жалғасқан. Негізгі дүмпуден кейін кемінде 111 афтершок тіркелген.

Қазір жергілікті билік зардап шеккен аумақтарда жағдайды бағалап, тұрғындарға қажетті көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Пікірлер