Құрылтай сайлауы. Шетелдегі 79 учаске өз жұмысын аяқтады

166
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ETCtctUw8eemYAwhXIDVnLYVw1AgIxuMbOTkK5Dn.jpg

Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша шетелдегі барлық 79 сайлау учаскелік комиссиясы өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы бүгін, 24 тамызда Сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 

61 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9623 адамды құраған. Бұл дауыс берушілердің 84,4% келуін қамтамасыз еткен.

Айта кетейік, алғашқы болып Токио мен Сеулдегі отандастарымыз дауыс берген болатын.Ал Құрылтай сайлауында соңғы болып Сан Францискодағы сайлау учаскесі жабылды.

Пікірлер