Қандастың көз жасы. Великті тапқан полиция қайта оған ескерту жасады

138
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wqin1q1rmQKiAY6bZnKasY5fIlMWKM2V4ztPeQ7d.png

Фото ЖИ көмегімен жасалды

Астанада Қазақстанды 76 күн бойы велосипедпен аралаған шыңжаңдық саяхатшы Бүрлен Әділетқызының жоғалған велосипеді табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті жазба жариялады.

Полиция департаментінің хабарлауынша, велосипедтің ұрланғаны туралы полицияға ешқандай арыз түспеген. Алайда әлеуметтік желіде велосипедтің ұрланғаны туралы бейнематериал жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері қысқа мерзім ішінде оның орналасқан жерін анықтаған.

Тексеру нәтижесінде ұрлық фактісі болмаған делінеді. Велосипедті иесі құрбысында қалдырғаны айтылады.

Полиция департаменті бұл мәселеден жалған мәлімет дерегін көріп отырған сияқты. Мекеме ресми мәліметінде жалған мәлімет таратқан адамның Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті.

Бұған дейін әлеуметтік желіде саяхатшы Бүрлен Әділетқызының велосипеді Астанада жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Ол аталған велосипедпен Қазақстанның әр өңірін аралап, 76 күндік сапар жасаған.

Айта кетейік, бұл Бүрленнің Қазақстанға алғашқы сапары емес. 2024 жылы ол Үрімші қаласынан Астанаға велосипедпен 26 күнде жеткен. Сол сапардан кейін саяхатшы мінген велосипедін Тұңғыш Президент музейінің қорына тапсырған.

 

Пікірлер