Тоқаев Тәжікстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

159
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oTvm6I3rst0It4YstDRB43LcFiJOIAVmZiJTnXnw.jpg

Бүгін, 9 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен оның отандастарын Тәжікстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

 Президент Тәжікстанның егемендік жылдарында мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ әлемдік аренада ұлттық мүддені қорғау мен ілгерілету ісінде зор табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

 «Қазақстан халқы еліңіздің жетістіктеріне риясыз қуанады. Біз достық қарым-қатынас пен өзара қолдауды жоғары бағалаймыз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін»,– делінген жеделхатта.

 Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына құт-береке тіледі.

 

Пікірлер