Атырау облысында колония аумағына дрон арқылы телефон жеткізбек болғандардың жолы кесілді. Бұл туралы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оқиға 8 қыркүйекке қараған түні сағат 01:15 шамасында болған. №15 мекеме қызметкерлері колония аумағынан шамамен 1,5 шақырым қашықтықта дрон арқылы белгісіз орамдардың жеткізілмек болғанын анықтаған.
«Тексеру барысында картон қағазға салынып, түссіз скотчпен мұқият оралған үш орам табылды. Орамдарды тексеру кезінде үш телефон тәркіленді. Оқиғаға қатысты тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады»,– делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
