Әке қазасынан соң билікке келген. Көрінбейтін Хаменеи 57 жасқа толды

265
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/p0D43xkHvLFUSa2dCKa3aFiaAgRzmC1npDEsjOIk.jpg

Кеше, 8 қыркүйекте Иран жетекшісі, рухани көшбасшы Моджтаба Хаменеи 57 жасқа толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 1969 жылы Мешһед қаласында дүниеге келген. Моджтаба — Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің екінші ұлы.

Балалық және жастық шағын Мешһед пен Тегеранда өткізген ол кейін Қом қаласында діни білімін жалғастырған. Иранның саяси және діни элитасында ұзақ жылдар бойы ықпалға ие болғанына қарамастан, ресми мемлекеттік қызметтерде жұмыс істемеген.

Моджтаба Хаменеи Иран-Ирак соғысына да қатысып, сол кезеңде Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілдерімен байланысын нығайтқан.

2004 жылы ол Иран парламентінің бұрынғы төрағасы Ғоламәли Хаддад-Адельдің қызы Захра Хаддад-Адельге үйленген.

Ұзақ уақыт бойы Моджтаба Хаменеи әкесінің ықтимал мұрагері ретінде қарастырылып, Иран билігіндегі ең ықпалды «көлеңкелі» тұлғалардың бірі саналып келді.

Ақпараттарға сәйкес, ақпан айында АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан жарақат алғаннан кейін Моджтаба Хаменеи көпшілік алдына шықпаған. Осы соққыдан Иранның 86 жастағы рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан соң Моджтаба әкесінің орнына келген басшы ретінде ұйғарылған. Бірақ ол жоғары билікке келгелі не нақты суреті, бейнесі жарияланған емес, дыбыстама дауысы да тараған емес. 

Пікірлер