Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанның Нью-Дели қаласына барды, деп хабарлайды "Адырна".
Президентті әуежайда Үндістан үкіметінің ресми өкілдері қарсы алды.
Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «БРИКС+» және «аутрич» форматында өтетін пленарлық отырыста сөз сөйлейді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірқатар мемлекет басшыларымен және шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізеді.
Айта кетейік, БРИКС – экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, қаржы саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және жаһандық оңтүстік елдерінің мүдделерін ілгерілетуге бағытталған мемлекетаралық бірлестік.
Ұқсас жаңалықтар
