Жезқазған әкімі отставкаға кетті

173
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5MphCCAQWki5rI03clJqnoZ0vWc9BuRwzW4EeXBy.webp

17 қыркүйекте Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов отставкаға кеткенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін мен үшін ерекше толқынысты күн. Қала әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтап, сіздермен қоштасатын сәт те келіп жетті. Төрт жыл ішінде сіздермен бірге қаланың ыстығына күйіп, суығына тоңып, туған қаламыздың дамуы үшін шамамыз келгенше еңбек еттік. Бұл кезең мен үшін үлкен жауапкершілікпен қатар, үлкен мектеп, өмірлік тәжірибе болды. Осы уақыт ішінде талай мәселені бірге көтердік, талай бастаманы бірге жүзеге асырдық. Әрбір кездесудің, әрбір ұсыныс пен пікірдің мен үшін өз орны бар. Қолдаған жерлеріңізде қанаттанып, сынаған жерлеріңізде шыңдала түстім», – деп жазды әкім.

Ол жезқазғандықтарға көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін ризашылығын білдіріп, Жезқазғанның өзі үшін тек қызмет атқарған мекен емес, өмір жолы мен еңбек жолы сабақтасқан шаһар болып қалатынын атап өтті.

Еске салайық, Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі қызметіне 2022 жылдың маусым айында тағайындалған болатын.

 

Пікірлер