Фото ЖИ көмегімен жасалды
22 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні. Бұл дата қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін айқындаған тарихи құжаттың қабылдануымен байланысты.
Осыдан 37 жыл бұрын, 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданды. Құжатта қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде бекітіліп, оның қоғамдық өмірдегі қолданылу аясын кеңейтуге құқықтық негіз қаланды. Ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде белгіленді.
Бұл заң қазақ тілінің білім беру, мәдениет, мемлекеттік басқару және басқа да қоғамдық салаларда қолданылуына жол ашты. Тіл мәселесінің заңнамалық деңгейде бекітілуі сол кезең үшін маңызды тарихи қадам болды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тіл саясаты жаңа кезеңге өтті. 1997 жылғы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданды. Аталған құжат Қазақстан аумағындағы тілдердің қолданылуы мен дамуына қатысты негізгі құқықтық нормаларды айқындады.
Қолданыстағы заң бойынша қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілдің мәртебесі Конституцияда да бекітілген.
Тіл – ұлттың мәдениеті мен тарихи жадын сақтайтын негізгі құндылықтардың бірі. Сондықтан 22 қыркүйек – тілдің қоғамдағы орны мен оны дамыту мәселесіне назар аударатын маңызды күн.
Белгілі заңгер Конституциядан ресми тілді алып тастауды сұрайтындарға жауап қайтарды: «дискриминация жасау – мүлдем дұрыс емес»
