Қазақстан министрі БҰҰ-да да ҰҚШҰ-дағы әріптестерімен кездесті

198
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8kFqMDWoQGwjyMv0bNMyaV6EFg9LBkza1AV3HY1t.jpg

БҰҰ Бас Ассамблеясы 81-сессиясының аясында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Іс-шараға қатысушылар БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның БҰҰ-мен ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады.

Министрлік кездесу дәстүрлі достық сипатта өтті, тараптар ҰҚШҰ-ның әмбебап бәрін қамтитын ұйыммен одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға ниетін растады. 

Пікірлер