Тұмандағы жол апаты. Он екі адам қаза тапты

131
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1flcuGZDt6YCYOoOBY1TK2yetzmbrGZcljnRkCxe.webp

Фото: Reuters

Болгарияның оңтүстік-шығысындағы «Фракия» автомагистралінде екі ірі жол-көлік оқиғасы болып, кемінде 12 адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Тағы 48 адам жарақат алды. Қою тұман салдарынан ондаған жеңіл және жүк көлігі соқтығысқан. 

Жол апаты Ямбол облысындағы Зимница ауылының маңында болған. Өңір губернаторы Георгий Чалаковтың мәліметінше, алғашқы хабарлама жергілікті уақыт бойынша сағат 07:10-да түскен.

Көршілес Сливен облысының губернаторы Михаил Кашеровтың айтуынша, 70-тен астам көлік жол апатына ұшыраған.

Болгария үкіметінің соңғы мәліметі бойынша, оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 48 адам жарақат алған. Зардап шеккендер Ямбол, Сливен және Бургас облыстарындағы ауруханаларға жеткізілді.

Құтқарушылар зардап шеккендерге жету үшін жол қоршауларының бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болған. Ал қою тұманға байланысты адамдарды эвакуациялау үшін тікұшақтарды пайдалану мүмкін болмаған.

Билік өкілдерінің мәліметінше, алғашқы апатқа шығыс бағыттағы жолда көрінудің нашарлауы себеп болған. Екінші жол апаты София қаласына қарай бағытталған қарсы жолақта тіркелген. Болгарияның BTA агенттігі хабарлағандай, оған алғашқы апатқа назар аударған жүргізушілердің жолдан алаңдауы да әсер еткен.

Пікірлер