Әзербайжанның қорғаныс министрі, генерал-полковник Закир Гасанов Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкерлердің қаза болуына және жарақат алуына байланысты Қазақстанның қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Дәурен Қосановқа көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна".
Бұл туралы Әзербайжан қорғаныс министрлігі хабарлады.
Закир Гасанов қаза тапқан әскери қызметкерлердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жараланған әскери қызметшінің тезірек сауығып кетуін тіледі. Сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарының оң нәтижемен аяқталуына үміт білдірді.
Бұған қоса, Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Қазақстанға көңіл айтты.
Ведомство қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ Қазақстан халқы мен Үкіметіне қайғырып көңіл білдіріп, хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің аман-есен табылуына тілектестік білдірді.
Сондай-ақ жараланған әскери қызметкердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
