Қазақстандық спортшы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

120
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5SAc87uCOW1AidSo3z51Ik0O4rxOc61L2XPoicif.jpg

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды “Адырна”.

19 жастағы спортшы 85 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Жарыс барысында ол Моңғолия, Иордания және Қырғызстан спортшыларын жеңіп, финалға жолдама алды.

Шешуші кездесуде Қабдуллаев Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Тарик Надамен белдесті. Финалдық кездесуде қазақстандық спортшы 0:7 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.

Бұл — Мерей Қабдуллаевтың Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесі.

Пікірлер