Қызылорда облысының Шиелі ауданында жеті білім беру ұйымында жұмыс істейтін 529 қызметкердің жеке мәліметтері мемлекеттік сатып алу порталында заңсыз жарияланған, деп хабарлайды "Адырна".
Бұл туралы аудан прокуратурасы хабарлады.
Прокуратура жүргізген тексеру барысында білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жеке деректерін ашық орналастыру фактісі анықталған. Соның салдарынан қызметкерлердің еңбек құқықтары бұзылған. Прокурорлық қадағалау шараларынан кейін аталған мәліметтер мемлекеттік сатып алу порталынан өшірілді.
Жеке деректердің жария болуына жол берген жеті білім беру ұйымының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ұқсас жаңалықтар
