Қазақстандық спортшы Азия ойындарында алтын иеленді

89
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/P8N7Nce28Vq5mQgsH8cXkqruFvc1wLd3bXijexeA.jpg

Қазақстандық дзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы жарыстағы оныншы алтын жүлдесі. 21 қазанда 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде, J2 санатында өнер көрсеткен Жұрқамырза Шүкірбеков жартылай финалда Иран өкілі Амирхоссейн Нимрузи Навохимен белдесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын 2 минут 50 секундта иппон әдісімен жеңді.

Финалдық кездесуде Шүкірбеков тағы бір ирандық дзюдошы Мұхаммадреза Хейроллахзаде Варзимен күш сынасты. Төрт минутқа созылған белдесу қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы юко бағасымен басым түсіп, V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

Қазір ұлттық құраманың қоржынында 36 медаль бар. Оның 10-ы – алтын, 10-ы – күміс, 16-сы – қола.

Қазақстан құрамасының бұған дейінгі үздік нәтижесі 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарында тіркелген еді. Сол кезде отандық спортшылар 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль жеңіп алып, жалпы саны 41 жүлдеге қол жеткізген.

 

Пікірлер