Ұлытау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексерілді

78
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pGhLsu9V5anXkfqzwatIKIi5CcF3Z0MZBLmykDFG.jpg

Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен және «ҰЛЫТАУ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, өңірдегі сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді.

Мамандар белгіленген бағалардың сақталуын тексеріп, дүкен иелері мен сатушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз көтеруге жол бермеу қажеттігі ескертілді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленетін сауда үстемесіне ерекше назар аударылды. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, сауда үстемесі өндірушінің босату бағасының немесе жеткізушінің сатып алу бағасының 15 пайызынан аспауға тиіс.

Мониторинг баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған.

Пікірлер