Президент Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің хатшысын қызметінен босатты

147
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jYFQFG69BhePEIhb7aL6EV34ktJCYszha4INoufD.png

Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Дәурен Мұратбеков 1984 жылғы 13 маусымда дүниеге келген. 2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, 2008 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда түрлі лауазымдар атқарған.

2014 жылдың қазан айынан бастап Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментін басқарды. 2018 жылдың қазан айында Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі болып тағайындалды.

2023 жылдың қарашасынан бастап Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Ал 2024 жылғы 9 ақпанда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымына тағайындалған еді.

Пікірлер