Неке сарайында әйелді пышақтап кетті. Кісі өліміне күдікті ұсталды

149
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WUEVezwJfvlncv9yClQUkkLoFk6BOOnIuoZOu5sL.webp

Ақтөбе қаласындағы неке сарайында әйел адамды өлтіру дерегі тіркелді, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желілерде марқұмның 26 жаста болғаны туралы ақпарат тарады. Куәгерлердің жазуынша, ол неке қию сарайына қазір кездесіп жүрген азаматымен бірге келген.

Сондай-ақ желідегі жарияланымдарда қылмысқа марқұмның бұрынғы күйеуі қатысы болуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Ақтөбе облысының полиция департаменті әйелдің өлтірілгенін растады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған. Алайда полицияның ресми хабарламасында күдіктінің марқұмға кім болып келетіні нақтыланбаған.

Полиция ресми хабарламасында ұсталған адамның марқұмға қандай туыстығы бар-жоғы, немесе өзге де қатысы бар екенін нақтыламады.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен қылмысқа не себеп болғаны анықталып жатыр.

Пікірлер