Армения мен Түркия жақын арада дипломатиялық қарым-қатынас орнатуы мүмкін

130
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XZsRgFOQ1zUu3gyaLwO4YUgVXQzgjjxLBt3TjG32.webp

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Түркия арасында жақын болашақта дипломатиялық қарым-қатынас орнайтынына сенім білдірді. Бұл туралы ол 2026 жылғы Дүниежүзілік армян саммитінде қатысушылардың бірінің сұрағына жауап беру барысында мәлімдеді, деп хабардайды "Адырна".

Пашинянның айтуынша, қазіргі уақытта екі ел арасында ресми дипломатиялық байланыс орнамаған. Дегенмен ол алдағы уақытта тараптар өзара келісімге келіп, дипломатиялық қатынас орнатады деп есептейді.

«Армения мен Түркия арасында әлі дипломатиялық қарым-қатынас орнаған жоқ. Алайда жақын болашақта екі ел бір-бірінің аумақтық тұтастығын, егемендігі мен шекараларын мойындай отырып, дипломатиялық байланыс орнатады деп сенемін. Менің ойымша, бұл – біз ескеруіміз керек факт», – деді Никол Пашинян.

Пікірлер