Астанада дарындылықты дамытуға арналған халықаралық конференция өтті

224
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Tx9YOWMYiWrSiFwLdvVhCvqnWM5tS43JuHvSEmoj.jpg

2026 жылғы 30 қазанда Астана қаласында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының 20 жылдық мерейтойына арналған «Дарындылықты дамыту экожүйесі: ғылым, тәжірибе, болашақ» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның басты мақсаты – дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту бағытындағы отандық және халықаралық тәжірибені біріктіріп, білім беру саласындағы жаңа тәсілдер мен стратегиялық басымдықтарды айқындау.

Іс-шара аясында Қазақстан, Австралия, Малайзия  елдерінің білім беру саласының мамандары мен ғалымдары тәжірибе алмасты. Дарындылықты ерте анықтау, олимпиадалық резервті қалыптастыру, STEM білім беру, жасанды интеллект, робототехника және оқушылардың қабілеттерін дамыту мәселелері талқыланды.

Конференция жұмысы төрт тақырыптық секцияда жалғасып, қатысушылар дарынды балаларды қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсынымдар әзірледі.

Мерейтойлық іс-шара барысында орталықтың 20 жылдық даму жолы таныстырылып, әр жылдары басшылық еткен ардагерлер мен қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Сондай-ақ білім беру, зияткерлік жобалар және инновациялар саласындағы 16 серіктес ұйым марапатталды.

Халықаралық конференция дарынды балаларды қолдаудың заманауи мүмкіндіктерін талқылап, ғылым, білім және инновация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды кәсіби алаң болды.

 

Пікірлер