Египетте пойыз апатынан 4 адам қаза тауып, 88 адам жарақат алды

137
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/li2m6c5iCJPV9zlG5EUxDbx9beSHQohJC8XhldBj.webp

Фото: Report 

Египеттің Гиза провинциясындағы Эль-Айят ауданында жолаушылар пойызының төрт вагоны рельстен шығып кетіп, ірі теміржол апаты болды. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы 88 адам түрлі жарақат алған. Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Египет Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Алғашқы ақпарат бойынша, апаттан кемінде 150 адам зардап шеккен. Алайда кейінгі ресми мәліметте жарақат алғандар саны 88 адам деп нақтыланды.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің 72 көлігі жіберіліп, жолаушыларды құтқару және эвакуациялау жұмыстары жүргізілген. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Бір адам оқиға орнында көз жұмса, тағы үшеуі медициналық мекемелерде қайтыс болған.

Египет Денсаулық сақтау министрі Халед Абдель Гаффар құтқару жұмыстарын жеке бақылауына алған. Оның тапсырмасымен Гиза және Бени-Суэйф провинцияларындағы медициналық мекемелер күшейтілген дайындық режиміне көшірілді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары теміржол апатының себептерін анықтап, оқиға орнындағы жағдайды тексеріп жатыр. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Пікірлер