Кішкентай көбелекке атақты академиктің атын берді

216
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xXK9CA0n62Wklt3RDuaMCmlBwcjQn44ngx71dlY5.webp

 

Шығыс Қазақстандағы Арқалық тауларынан түнгі көбелектің ғылымға бұрын белгісіз болған жаңа түрі анықталды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан университеті хабарлады, деп жазады “Адырна”.

Жаңа көбелекке қазақстандық белгілі тарихшы, академик ғалым Манаш Қозыбаевтың құрметіне Scythobrya kozybayevi деген ғылыми атау берілді.

Айта кетейік, биыл ғалымның туғанына 95 жыл толып отыр.

Көбелектің жаңа түріне қатысты ғылыми сипаттама халықаралық Entomological Studies журналында жарияланған.

Пікірлер